ҚазҰУ кезекті жетістігіне қол жеткізді

1105

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Times Higher Education University Impact Rankings-2021 рейтингінде үздік деп танылды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Білім ордасы Біріккен ұлттар ұйымының 2030 жылға дейін тұжырымдаған тұрақты дамудың барлық 17 мақсаты бойынша басымдық көрсетті. Әзірге бұл межені қазақстандық жоғары оқу орындары арасында бағындырғандар тіркелмеген.

Times Higher Education University Impact Rankings (THE IR) рейтингінде әлемнің 1115 университетінің көрсеткіштері сарапталған. Әлемдік рейтинг жоғары оқу орындарының тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру барысын бағалауға арналған.

БҰҰ айқындаған 17 бағыттың қатарына кедейлікті жою; салауатты өмір салты; сапалы білім беру; гендерлік теңдік; су ресурстарын тиімді пайдалану және баршаға арналған тазалық; энергия көздеріне қол жетімділік; лайықты жұмыс және экономикалық өсу; өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым және басқа талаптар кіреді.

Нәтижесінде ҚазҰУ-дың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз етіп отырғаны белгілі болды. 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -