Коронавирус: оқушылар каникулға ерте шығады

707

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа байланысты мектептерде 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында сабақ болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Орта білім беру ұйымдарын 2020 жылдың 16 наурызынан бастап - 5 сәуір аралығында каникулға шығуын қамтасыз ету. 16 наурыздан бастап, колледждер, жоғары оқу орындарын қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрін қашықтықтан жүргізуге ауыстыру", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, каникул кезінде оқушылардың өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауына тыйым салынады.

Айта кетейік, кеше дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады.

Соңғы мәлімет бойынша COVID-19 вирусы 118 елде тіркелді. Қауіпті дертті 121 564 адам жұқтырып, 4373 адам көз жұмды.


Фото: ©Tengrinews.kz
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -