Ақтөбе облысында тасқынға қарсы шаралар үшін 329 млн теңгеден астам қаражат қарастырылған

720


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Құмар Тұрмағамбетов мәлімдеді.
 

«Су тасқынына қарсы шараларға 329 млн теңгеден астам қаражат қарастырылған. Бұдан өзге, облыс бюджетінде 1,9 млрд теңге көлемінде  төтенше резерв пен қауырт қажеттіліктер резерві бар. Қазіргі таңда облыстық, қалалық және аудандық тасқынға қарсы комиссиялар мен штабтардың құрамы мен міндеттері анықталды»,- деп атап өтті спикер. 


Оның айтуынша, соңғы үш жылда әкімдіктер тасу қаупі бар өзендерді тереңдету,  жағасын бекіту және тазарту, арық, уақытша қорғаныс бөгеттерін салу, кәріз жүйелерінің құрылысы мен жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Су тасу қаупі бар жерлердің төлқұжатын түзету кезінде облыста 12 мыңнан астам адам тұратын суға кетуі мүмкін 33 елді мекен анықталды.
 

« 73,3 тонна жанар-жағармай, 7581 тонна инерттік материалдар, 25 мыңдай ыдыс-қап дайындалды. 127 100 м3 қар шығарылып, облыс жолдарындағы су өткізу ғимараттарының 35,3% -ы тазартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Алдын ала болжамдар бойынша Ақтөбе облысы биыл су тасу қаупі жоғары аймақ болып табылмайды. Тасқын жағдайы шиеленіскен жағдайда облыстық азаматтық қорғаныс қызметінің күштері мен құралдары топтастырылды. Барлығы 1 955 адам, 422 бірлік техника, 95 бірлік жүзу техникалары, 219 бірлік мотопомпа. Жалпы сиымдылығы 13 мың адамнан асатын 79 уақытша орналастыру бекеттері әзірленді»,- деп қосты Құмар Тұрмағамбетов.




 
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -