Қала әкімдігі тіркеу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін мобильді қосымшаны іске қосты

608



"Нұр-Сұлтан қаласында карантин жарияланды. 22 наурыз күні сағат 00-ден бастап елордаға кіріп-шығуға тыйым салынады. Қала периметрі бойынша 6 өткізу-бақылау бекеттері орнатылды. Өткізу-бақылау бекеттерінде әскери қызметшілер мен полиция және медицина қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Елорда әкімдігі орнатылған бекеттердегі тіркеу уақытын айтарлықтай қысқарту және көші-қон ағындарын бақылау мақсатында "Сергек: блокпост" мобильді қосымшасын дайындады. Қосымша полиция қызметкерлерінің планшеттеріне орнатылды.

Көліктер мен елді-мекендер арасында қатынайтын адамдарға толық мониторинг жүргізіледі. Мәселен, қосымша автокөліктің қай қаладан, қашан және қанша адаммен шыққанын көрсетеді.

Сонымен қатар, қосымшаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мекемелерде (ЖЭО, коммуналдық қызметтер, ТЖД ) жұмыс істейтін қызметкерлердің деректері жүктелді. Қызметкерлер жұмыстан үйге қатынай алады.

Қалаға азық – түлік пен қажетті тауарларды тасымалдауға еш кедергі жоқ. "Жасыл дәліз" жүйесі жұмыс істейді. Жүргізушілер мен экспедиторлардың маскалары, тауарға ілеспе құжаттары, жеке куәліктері, техпаспорт сияқты құжаттары болуы тиіс. Көліктің қалаға келу және қаладан шығу уақыты белгіленеді. Маршруттан ауытқуға жол берілмейді. Әрбір көлік "сергек:блокпост" қосымшасында онлайн-режимде бақыланады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -