Ұлттық және демалыс саябақтарының уақытша жабылуы туралы ресми хабарлама

509



Коронавирустың бұдан әрі таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 21 наурызынан бастап Алматы қаласы аумағындағы барлық ұлттық саябақтар мен демалыс саябақтары уақытша жабылады. Алматылықтардан карантин кезінде Тұңғыш Президент саябағына, Орталық мәдениет және демалыс саябағына, 28 Панфиловшылар паркіне, Family Park, Ботаникалық баққа, «Қиял әлемі» саябағына, Алматы зообағына, Алма-арасан және өзге де адам қарасы көп жиналатын орындарға барудан бас тартуларын сұраймыз.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын қалалық Әкімдіктің шешімімен Медеу, Шымбұлақ, Пионер, Көк-Төбе, сонымен қатар, COVID-19 эпидемиологиясының тұрақтануына дейін Алматы мен Алматы агломерациясына ішкі туризм бойынша турлар мен экскурсиялар өткізетін туристік ұйымдардың қызметі тоқтатылады, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Туризм басқармасы туроператорларға коронавирус тіркелген қауіпті санаттағы елдерге қатынайтын және сол елдерден бізге келетін турларды уақытша тоқтату туралы ұсыныс білдірген болатын. COVID-19 бұдан әрі таралуының алдын алу мақсатында адам көп жиналатын орындардағы сақтық шараларын қатаң қадағалау туралы нұсқаулықтар таратылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -