Алматыда Мейіз Сәтбаеваға мемориалды тақта ашылды

1282



Алматыда танымал ғалым Мейіз Қанышқызы Сәтбаеваны есте қалдыру үшін мемориалды тақта салтанатты түрде ашылды.

Мемориал Құрманғазы, 20 үйдің қабырғасына орнатылды.

Мейіз Қанышқызы – геология-минералогия ғылымдарының докторы. Ол өзінің ұлы әкесі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың жолымен жүрді және Жезқазған кен орнын ашу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Құрамы рениге бай ерекше кен құрайтын минералдардың құрылымдық-морфологиясы бойынша докторлық диссертацияны қорғады.

Ескерткіш тақтаны Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахетов ашты.

«Мейіз Қанышқызы – көрнекті ғалым. Мына мемориалды тақта бүгінгі және келер ұрпаққа оны еске салатын болады. Мемориалдың ашылуы – қаламыздың мәдени және ғылыми өміріндегі тарихи сәт», - деді ашылу салтанатында М. Ахетов.

Ашылу рәсіміне ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті М. Жұрынов, академиктер С. Оздоев және С. Қожахметов, геология-минерология ғылымдарының докторы Э. Сейітмұратова, Қ. И. Сәтбаев атындағы геология Институты архивінің директоры Н. Ниретина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Г. Бибатырова, Мейіз Сәтбаеваның ұлы, геология-минерология ғылымдарының докторы А. Третьяков қатысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -