Пара алған орынбасары үшін бірінші басшы қызметінен кетеді. Заң жобасы президентке жолданды

883


Облыс әкімдері енді денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт басқармаларының басшыларын министрдің келісімімен ғана жұмыстан босата алады. Осындай заң жобасы парламентте мақұлданып президентке жолданды, - деп хабарлайды «Қазақ радиосының» Жаңалықтар қызметі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жасағандардың бірі - мәжіліс депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов. Оның айтуынша, бұл құжат мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға сеп болады. 

«Әкімдер қазіргі уақытта өңірлік басқармалардың басшыларын орталық мемлекеттік органның басшыларымен, былайша айтқанда министрлермен келісіп тағайындайды. Жаңа заң жобасы бойынша енді басқарма басшыларының жұмыстан босатылуы да осындай тәртіппен жүргізіледі, яғни әкімдер орталық органдардың басшыларымен келісіп босатады. Бұл мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттырады деген ойдамыз» - дейді халық қалаулысы. 


Министрдің орынбасары соттың шешімімен сыбайлас жемқорлық бойынша жауапқа тартылса онда министр отставкаға арызын жазу керек. Аталған заң жобасында осындай норма да қарастырылған. 

«Министрдің орынбасары соттың шешімімен сыбайлас жемқорлыққа байланысты жауапқа тартылса онда министр өзінің отставкаға арызын беруі керек. Ал егер министрдің орынбасарына тікелей бағынатын басқармалар немесе соған бағынатын мемлекеттік қызметшілер жемқорлыққа байланысты жауапқа тартылатын болса онда министрдің орынбасары отставкаға арызын жазуы қажет. Бірақ арызын қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау оны тағайындайтын органға немесе лауазым иесіне байланысты. Жағдай егжей-тегжейлі тексеріліп жұмыстан босатылуы да мүмкін. Бірақ жұмыстан босатылмай мемлекеттік қызмет заңына байланысты жауапқа тартылуы да мүмкін» - дейді мәжіліс депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов. 


Айта өтейік, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламентте қабылданып, Президенттің қол қоюына жолданған.


Фото : Zakon.kz
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -