Елордада тұңғыш рет «Make it possible» республикалық спартакиадасы бастау алды

605



Назарбаев Университетінің атлетикалық орталығында «Make it possible» республикалық спартакиадасы басталды. Жарыс мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдер арасында өтуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мұндай спартакиада елімізде алғаш рет өткізіліп отыр.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаевтың айтуынша, жарысқа 8 өңірден 300-ге жуық жасөспірім қатысады.

«Бүгін министрліктің ұйымдастыруымен елімізде алғаш рет ерекше күтімді талап ететін балалар мен асыраушысынсыз қалған балалар арасында республикалық спартакиада басталды. Бізге бұл идеяны қоғам белсенділері ұсынды, біз өз кезегімізде биылғы жастар жылы аясында өткізуді жөн көрдік. Спартакиада еліміздің 8 өңірінен 300-ге жуық бала қатысып жатыр. Жас ерекшеліктері 13 пен 17 жастағы жасөспірімдер. Спартакиада жас ерекшеліктеріне қарай, спорттың 5 түрінен өтеді. Жалпы шараның мақсаты – жай спортпен қатар, параспортты дамыту және кеңінен насихаттау», - деді комитет төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, жасөспірімдер спорттың 5 түрінен бәсекеге түседі.

«Менің жасым 15-те мен Қаратау қаласынан келдім. Бүгінгі жарыста қолкүрестен қатысамын. Бұған дейін облыстық жарысқа қатысып 3 орын иелендім. Спорттан басқа мәнерлеп оқығанды жақсы көремін», - деді Жамбыл облысы, Қаратау қаласынан келген спортшы Әсемай Әшімбек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс 2 күнге созылады және алдағы уақытта жыл сайын өткізілетін болады.

«Параспортпен біздің балалар тұрақты түрде 3 жыл айналысып жатыр. Әсемайға ДЦП диагнозы қойылған, бірақ соған қарамастан өмір сүру мен сопртпен шұғылдануға деген құлшынысы жоғары. Біздің облыстан 6 бала келді, олар спорттың 3 түрінен жарысқа түседі. Балалардың дамуына жақсы әсер ететін осындай жарыстар ұйымдастырылса дейміз, ұйымдастырушыларға рахмет», - деді жамбылдық спортшылардың жаттықтырушысы Салтанат Расылханова.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -