Әдептілік – мемлекеттік қызметтің негіз қалаушы ұстанымы

1554


Бүгін Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өтіп, онда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау қорытындылары туралы баяндады.

Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілетіні белгілі: олар жоғары моральдық жауапкершілікке, кәсіби білімге, әдептілікке, адалдыққа, белсенді өмірлік ұстанымға ие болуы тиіс.

Б. Беспалиновтың айтуынша, 2019 жылдың 10 айы ішінде Департаментпен 48 тексеру жүргізіп, олардың нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларының бірқатар бұзушылықтары анықталды. Олардың ішінде бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізу, мемлекеттік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау, тәртіптік жаза қолдану кезіндегі орын алған бұзушылықтар бар.

Халықпен байланыс жасаудың тиімді жүйесіне аса назар аударылады: есептік кезеңде Департаментпен 192 өтініш қаралды. Қарау нәтижелері бойынша 16 өтініш берушінің құқықтары қалпына келтірілді.

«Есептік кезеңде тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға 13 ұсыныс енгізіліп, заңсыз қабылданған 8 акті жойылды. Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке 54 мемлекеттік қызметкер тартылды, оның ішінде 3 ауылдық округ әкімі бар» – деді Берген Беспалинов.


Мемлекеттік қызметтің оң имиджі мен беделін қалыптастыру бойынша мақсатты жұмысты Әдеп жөніндегі кеңес жүргізеді. Өткен кезеңде Кеңес 10 отырыс өткізіп, онда 78 мәселе қаралды. Қызметкерлерді жауапкершілікке тарту туралы 15 ұсыныс енгізілді.

Соңында Б. Беспалинов азаматтардың өтініштерін сапалы қарау, олардың проблемаларына жедел ден қою, мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылатынын атап өтті.

Брифинг барысында әдеп бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін арттыру жұмыстары туралы Ақмола облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәділова баяндады. Оның айтуынша, ұжымдағы моральдық-психологиялық климаттың жағдайына мониторинг жүргізу және қызметтік әдептілік нормаларын сақтау мақсатында 3791 мемлекеттік қызметші арасында жасырын сауалнама жүргізілді.

«Сауалнама қорытындысы бойынша бірқатар мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде қызметкерлерге әртүрлі мөлшерде тапсырма беру, лауазымдық нұсқаулықтар шеңберінен шығатын тапсырмалардың болуы, демалыс күндері жұмыс істеу фактілері анықталды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің өз әріптестерімен дөрекі сөйлеу фактілері анықталды. Қазіргі уақытта тәртіп нормаларын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілді және кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды» - деп А.Жанәділова мәлімдеді. 


Сондай-ақ Әдеп жөніндегі уәкілдерге жолданған өтініштер санының өсуі, оның ішінде расталған өтініштер үлесінің артуы байқалады. Қолданылған тәртіптік жазалармен келіспеген мемлекеттік қызметшілердің өтініштері келіп түсуде. 

«Талдау негізінен мемлекеттік қызметкерлердің тәртіптік жаза қолдану тәртібі, шектеулер мен әдептілік стандарттарын сақтау, әлеуметтік желілерде аккаунттарды жүргізу мәселелері бойынша жүгінетінін көрсетті. Азаматтар мемлекеттік органдардың шешімдерімен және лауазымды тұлғалардың әрекеттерімен келіспеу мәселелері бойынша жиі жүгінеді» - деп А.Жанәділова қорытындылап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -