Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы тағайындалды

571



Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып Тілеухан Әбілдаев тағайындалды.


Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов медициналық қауымдастыққа Қоғамдық денсаулық  басқармасының  жаңа басшысын таныстырды.

Бүгінгі тағайындауға дейін ол «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» ҰАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры қызметін атқарды.

Тілеухан Әбілдаев 1962 жылы 6 қарашада туған. 1985 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы Алматыдағы №2 қалалық клиникалық ауруханада мейіргер болып бастаған.

Әр жылдары хирург, хирургия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс  істеген, кейін Талас аудандық ауруханасының бас дәрігері, Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері, Жамбыл облысы Денсаулық сақтау  департаментінің басшысы,  Қазақстан Республикасы медициналық қызметке ақы төлеу Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы «Туберкулез проблемаларының ұлттық орталығы» РМҚК директоры, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен әлеуметтік дамудың «Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы» РМК бас директорының орынбасары, медициналық қызметке ақы төлеу Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы   болған.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -