Қаржы министрлігінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

835



Осыдан 28 жыл бұрын - 1991 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылданған. Тәуелсіздік күні – еліміздің ең басты мемлекеттік мерекесі. Осы жылдар ішінде тәуелсіз мемлекетімізді қалыптастырып, барлық салаларда көптеген елеулі оңтайлы өзгерістер орын алып, еліміз жаңғыруға бет алған.

Жаңа мемлекетті жан-жақты дамытудың, нарықтық экономика мен демократияны қалыптастырудың басты шарты ел тәуелсіздігін алу болды. Егемендіктің арқасында ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу және перспективті жоспарларды іске асыру жөніндегі жасампаз процесс іске қосылды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан халықаралық аренада танымал болды және әлемдік экономикалық жүйеде лайықты орын алды.

На изображении может находиться: 5 человек, люди стоят и костюм

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атап өткендей: "Тәуелсіздік жаңа Қазақстанды дамыту үшін әсерлі перспективалар мен бірегей мүмкіндіктер ашты. Бірлік пен келісімнің арқасында қолайлы мемлекет болды".

На изображении может находиться: 8 человек, люди улыбаются, люди стоят и в помещении

Айтулы мерекенің тойлануына орай Қаржы министрлігінің салтанатты іс – шарасында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Асханұлы Смайылов бірқатар қызметкерлерді мемлекеттік марапаттармен марапаттады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 207 Жарлығымен мемлекеттік марапатпен марапатталды:

Нет описания фото.


«Құрмет» орденімен:

Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы

Савельева Татьяна Михайловна 

Ахметов Ербол Сабыржанович

Мынжасаров Ержан Тилекович  

Шайкенов Бауыржан Мергенбаевич

Нургалиев Канабек Досжанович

Ашенов Руслан Едильбайевич марапатталды.
 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

Енсебаев Руслан Сатбекович 

Әділханов Дүйсен Бұхарбайұлы

Слямов Бакытжан Оразгалиевич

Абдрахманов Ораз Аманович

Ергашев Кайрат Бахитович

Мукушева Зауреш Ибрагимовна

Мулдашев Есбол Кабдулович

Нуртазина Нагима Турсыновна

Шагирова Света Тулегеновна

Дуйсенбаев Ауезбек Сейткамалович

Сабденов Мурат Рахимович

Шойнахов Абдихалик Ажназарович

Ақжігіт Базархан Төреқұлұлы

Жумадилова Жанат Жатаевна

Сейпилов Бейболат Ануарович

Канапин Ринат Талгатович марапатталды.
 

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен:

Сепетова Шынар Амангельдиевна

Абдыкерова Светлана Жанузаковна

Камбаров Бауржан Камбарулы

Сахатов Ренат Рашидович

Байтемирова Шолпан Шаршатаевна

Иванова Анна Олеговна

Шайпакова Жанслу Рахметовна марапатталды.

На изображении может находиться: 10 человек, люди улыбаются, люди стоят и свадьба

Қазақстан халқының игілігі үшін көп жылғы және нәтижелі қызметі үшін Министрліктің келесі қызметкерлері Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің алғыс хатымен марапатталды:

Мухаметкалиева Аян Солтановна

Сапарова Жанат Батаржановна

Мамаев Талгат  Шариевич

Инкербаев Жайдар Дабырович

Мекебеков Айдар Зейнуллаевич

Толекова Фаузия Сейдуалиевна.
 

Жоғарғы Еуразиялық одақтың шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келесі қызметкерлері медальдармен марапатталды:

Баеділов Қанат Ескендірұлы

Жамаубаев Ерұлан  Кенжебекұлы

Миятов Қайрат Исатайұлы

Бектұрова Арман-ай Тұрсынқызы

Әлиева Ақ-бала Тағаймұратқызы.

Тәуелсіздік жылдары Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік бюджетті толықтыруға және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты.

Салтанатты іс-шарада Мемлекеттік кірістер комитетінің талантты, жас мамандары өнер көрсетті.

Бағдарламаның басында Комитет оқырмандары 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары туралы естеліктер мен эпизодтар оқыды. Одан кейін біздің жас әріптестеріміздің триосы "Өз елім" әнін орындады. Мерекеге орай, Отар Олжас домбырамен өзінің авторлық туындысын орындады. Қыздардың "Шалқыма" би квартеті сахнада өнер көрсетті. "Цвети земля моя" жанды әнін Жансая мен Дана дуэті орындады. Концерт соңында Ералы Бауыржан "Мен Қазақпын" әнімен көрерменге Тәуелсіздік күніне арналған өзінің музыкалық құттықтауын жеткізді.

Сонымен қатар, бүгін, 2019 жылғы 13 желтоқсанда Мемлекеттік кірістер комитетінде "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне" арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік мереке құрметіне орай Комитеттің үздік қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттады.  Және, әрине, жоғарыда аталған біздің дарынды әріптестеріміз Комитет сахнасында мерекелік нөмірлермен өнер көрсетті.

Барлық марапатталған қызметкерлерді құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің барлық азаматтары үшін айтулы күнмен құттықтаймыз!

Шын жүректен отбасыларыңызға бейбітшілік пен келісім, мықты денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -