«Astana Motorsports» жекеменшік мекемесіне қатысты істі тергеу туралы

748



Жемқорлыққа қарсы Агенттік 2016-2017 жылдары Қазақстандағы автоспортты дамытуға бөлінген қаражатты ұрлау бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Бұл туралы арнайы брифинг барысында Агенттіктің 2-департаментінің басшысы Сергей Перов айтты.

«Оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды өткізуге өтінімдерді жоғарылату жолымен «Astana Motorsports» командасының директоры және капитаны (100 % мемлекеттік қатысу) Артур Ардавичус 800 млн. теңгеден астам қаржыны ұрлағаны анықталды», - деді С. Перов.

Бұл қаржыны ол қазақстандық және шетелдік компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып өзіне алған.

Ардавичус түсініктеме беру үшін бірнеше рет шақырылды, алайда шетелде болғандықтан келуден бас тартты.

Осы жайттарды және Ардавичус мырзаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін жеткілікті дәлелдерді ескере отырып, оған қатысты сырттай «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. 

Сонымен қатар, Сергей Перов аталған іс бойынша халықаралық іздеуге жариялау туралы материалдар сотқа жіберілгендігі мен тергеумен ұрланған қаржының нақты соммасы анықталуда екендігін жеткізді.

Тергеу жалғасуда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -