Инсульт алған әйелдер Түркістан облысында ақысыз оңалтудан өтеді

579


Түркістан облысының Ақсукент ауылында инсульт алған әйелдерге арналған «Возрождение» сауықтыру кешені өз жұмысын бастады. Сондай-ақ, орталықта дене жарақатынан кейін оңалту және қозғалыс қызметін қалпына келтіруді қажет ететін әйелдер білікті көмек ала алады.





Айта кететін жайт, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2019 жылдың 9 айында 702 әйел инсульт алған. Статистика бойынша, инсульттан кейін адамдардың 80% қалыпты өмірге оралуы мүмкін, алайда инсульт адамның өліміне немесе мүгедектігіне әкелетін аурулар арасында екінші орынды алады. Аурудың таралуының себептері көп, сондықтан дәрігерлер мамандардың ұсыныстарын тыңдауға, салауатты өмір салтын ұстануға және осы зұлым аурудан өзін сақтауға тырысуға кеңес береді.



Осылайша, «Возрождение» сауықтыру кешенінің ашылуының арқасында инсульт алған әйелдердің басым бөлігі енді өз өңірінде оңалту қызметтерін ала алады.



Студент кезінде инсульт алған «Возрождение» жобасының үйлестірушісі  Насиба Халходжаеваның жеке тарихы «Generation» Қоғамдық бірлестігімен бірге Сайрам ауданында сауықтыру кешенін құруға негіз болды. Осылайша, бұл фактор сауықтыру кешенін құрудың негізі болды.



Естеріңізге сала кетейік, жоба «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Әрекет» жобасы аясында жүзеге асырылуда. 

«Мен ауырып, онымен күрескен күндер мен айлар өмірімдегі ең қорқынышты сәт болды. Бірақ бұл күрделі жолдан өтіп, кейіннен ана атанып, қуанышқа кенелдім, ең бастысы - осындай өмірлік жағдайға тап болған әйелдерге көмескім келетінін және көмектесе алатынымды түсіндім. Біздің «Возрождение» жобасы осылай дүниеге келді», - дейді Насиба Халходжаева.


Сонымен қатар, сауықтыру кешенінде емдік дене шынықтыру сабақтары, тірек-қимыл функцияларын қалпына келтіру курстары, оңалту және қалпына келтіру массаж курстары жүргізілетін болады. Тәжірибелі, білікті мамандар тірек-қимыл функцияларын дамыту және қалпына келтіру бойынша жұмыс істейді, диеталардың, ауыз су ішу режимінің сақталуын қадағалайды, тегін массаж қызметтерін көрсетеді. Орталықта барлық қажетті сауықтыру құралдары, массаж және невропатолог дәрігердің консультациясын алуға болатын кабинеттер бар.

«Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Әрекет» жобасының арқасында өңірлерде қоғамға пайда әкелетін түрлі жобалар ашылатыны қуантады. «Возрождение» сауықтыру кешені - бұл әрекеттегі әлеуметтік кәсіпкерліктің үлгісі. Біріншіден, инсульт алған әйелдерге көмек көрсету арқылы әлеуметтік проблема шешілуде. Екіншіден, Қоғамдық бірлестік ақылы қызмет көрсету арқылы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ете алады және одан әрі гранттар мен әлеуметтік тапсырыстарға аз тәуелді болады», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Қорының өкілі Жанар Жақсылықова.


Жобаны жүзеге асырудың 9 айында сауықтыру кешені инсульт алған 30-дан астам әйелдерді қамтиды деп жоспарлануда. Оларға көмек тегін көрсетіледі, бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне ерекше көңіл бөлінеді. Орталықта сау әйелдер де көмек пен кеңес ала алады, олар үшін ақылы қызмет көрсетіледі. Айта кету керек, «Возрождение» сауықтыру кешені өз қызметтерін нарық бағасынан төмен бағамен ұсынады және оңалту, массаж және салауатты өмір салтын жүргізу бойынша бірнеше бағыт ұсынады.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -