Руслан Баймишев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды

604



Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымына Руслан Нұрашұлы Баймишев тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Руслан Баймишев 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Фемида» заң академиясын «заңгер» мамандығы бойынша, Қазақ ұлттық техникалық университетін «геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

2008-2013 жылдары Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоинформ» республикалық геологиялық ақпарат орталығында түрлі қызметтерді атқарды. 2013-2016 жылдары аталған Орталыққа жетекшілік етті.

2016 жылдан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры лауазымын атқарып келді. 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -