Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты

816



Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Санкт-Петербургтегі Таврия сарайында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының Кеңестің кезекті отырысына қатысты.

Кеңес мүшелеріне Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегі сайлауды байқауды ұйымдастыру туралы, халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конференцияны өткізу қорытындылары туралы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық жастар ассамблеясының көшпелі отырысы туралы, «Жария билікті заңдастырудың тетігі ретіндегі сайлау институты» халықаралық конференциясын өткізу туралы ақпарат ұсынылды.

Отырысқа қатысушылар ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған шаралар жоспарының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 2020-2022 жылдарға арналған үлгі заң шығару жоспарының жобаларын және басқа да мәселелерді талқылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -