Қазақстан және Швейцария Нұр-Сұлтанда жоғары деңгейде кездесті

716



2019 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанға ресми сапармен келген Швейцария КонфедерациясыныңФедералдықПрезиденті Ули Маурерді қабылдады.

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге негізгі екпін бере отырып, екі жақты күн тәртібінің көп салалы мәселелерін талқылады. Швейцария Қазақстанның аса ірі сауда әріптестерінің ондығына кіреді және республика экономикасына инвестиция салатын үшінші ірі инвестор болып табылады. 2005 жылдан бері осы Альпі елінен құйылған тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 24 млрд. доллардан асты. 

Қазақстан Швейцарияның химия, фармацевтика, машина жасау, туризм, кәсіптік білім беру және қаржы секторы сияқты салалардағы тәжірибесі мен жетістіктерін қолдануға мүдделі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияны Қазақстанның Еуропадағы ең маңызды әріптестерінің бірі санайтынын кездесу барысында атап өтті.

Өз кезегінен, Ули Маурер Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Швейцарияның мақсат-мұраттары ортақ болғанын айтты. Сондай-ақ Ули Маурер соңғы жылдары екі ел арасындағы экономикалық қатынастардың өсуіне қанағаттанушылық білдірді.

Соным қатар, Президенттер Орталық Азиядағы су дипломатиясы жөніндегі бірлескен жобалар және Ауғанстандағы жағдайды гуманитарлық тұрақтандыру жөнінде парламентаралық желі бойынша ынтымақтастыққа бейілділігін растай отырып, саяси, мәдени-гуманитарлық және туристік салалардағы өзара іс-қимылды талқылады. 

Сапар шеңберінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында Федералдық Президент Ули Маурердің, ҚР Сауда және интеграция министрі Бахыт Сұлтановтың, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың, «Қазақ Инвест» ҰК» АҚ Президенті Бауыржан Сартбаевтың, Швейцария мен Қазақстанның бизнес-қоғамдастықтары өкілдерінің қатысуымен инвестициялық дөңгелек үстел болып өтті. Швейцарияның бизнес-делегациясының құрамына Stadler Rail, ABBSwitzerland, BurckhardtComopression концерндерінің басшылары, сондай-ақ Bühler, Amman-Group, Roche, Clariant және басқа да өнеркәсіптік компаниялардың өкілдері кірді.

АХҚО мен Цюрихтің, Женеваның және Луганоның қаржы орталықтарының арасындағы ынтымақтастық перспективалы болып көрінеді. Швейцарияның Blackfort Capital активтерді басқару жөніндегі компаниясы АХҚО-ға тіркеліп те үлгірді. Басқа да бірқатар қаржы институттарымен келіссөздер жүргізілуде.

Дөңгелек үстелдің отырысы мынадай құжаттарға қол қоюмен аяқталды:

«Aqbura Development» және «Swiss Holding SA» компанияларының арасындағы жобаны басқару және оның франшизі туралы келісімшарт;

- «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мен «Swiss Holding SA» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

АХҚО әкімшілігі «Blackfort Capital», «Clarus Capital» және «Herculis Partners» компанияларымен меморандумдарға қол қойды,

«Транстелеком» ЖШС «Sicpa SA» компаниясымен келісім жасасты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -