Еліміздің бірнеше өңірінде боран соғып, көктайғақ болады

420



23 желтоқсанда Атлант мұхитынан келген циклон әлі күнге дейін республиканың көп бөлігінде өз ықпалын сақтап келеді.

Осыған байланысты кей жерлерде қар жауады, тек батыста және оңтүстік-батыста құрғақ ауа массалары жететіндіктен жауын-шашын тоқтайды.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында бұрқасын күтіледі, күндіз Солтүстік Қазақстан, тәулік бойынша Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Қызылорда, Актөбе облыстарының тұман түседі, Алматы облысында көктайғақ болуы ықтимал.


Kolesa.kz

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -