Отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы

464



Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов журналистермен кездесті.

«Елбасы Н.Назарбаев сауда ведомствосы алдына маңызды стратегиялық міндет қойды: 2025 жылға қарай – шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер экспорты көлемі бойынша 41 млрд. АҚШ долл. мөлшеріндегі көрсеткішке қол жеткізу», - деді министр.

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында да, Қазақстан халқына Жолдауында да сауданы кеңейтуге үлкен екпін жасалды. Шетелдік серіктестермен кездескен кезде ол қазақстандық экспорттық жеткізілімді ұлғайту перспективасын талқылады. Еуропа, Швейцария мен АҚШ елдеріне Қазақстан 2 млрд. $ астам жалпы сомасына 263 тауар позициясын ұсынуға әзір.

«Біз Ресеймен саудада экспортты құны шамамен 250 млн. $ 87 тауар позициясына, Орталық Азия елдерімен (Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан) 0,5 млрд. $-ға жуық 236 өңделген өнімге кеңейтуге дайынбыз. Жалпы алғанда, біз қазір өзіміздің экспорттық жеткізілімді 3 млрд.$-дан артық жалпы сомасына ұлғайтуға әзірміз», - деді Б.Сұлтанов.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі бойынша 300 млн. АҚШ $-ынан астам сомасына 61 экспорттық келісімшарт жасалды. Қазақстанның Даму Банкінің (ҚДБ) желісі бойынша 13 экспорттаушы 105,2 млрд. теңге сомасына қолдау тапты. Біз Қытайға экспортымызды жалпы құны 1,3 млрд. $-ға жуық 60 позицияға кеңейтуге дайынбыз. Әрі қытай нарығы да осы тауарларды қабылдауға әзір. Екінші Шанхай импорт көрмесінде 30-дан артық отандық өндірушілердің тауарлары таныстырылды, оның қорытындысы бойынша Қытайға 150 млн. АҚШ $-ынан астам сомасына өнім жеткізуге арналған келісімшарттар жасалды.

Ухань қаласында Қазақстанның сауда үйін ашу туралы уағыдаластыққа қол жеткіздік – бұл орталық Қытайда халықтың ең көп қоныстанған қаласы. Одан басқа, қазақстандық өнімге қала дүкендерінде сауда сөрелері бөлінетін болды.

Экспортты ілгерілету шегінде онлайн-сауданы дамыту - Министрлік үшін басым міндет.

Wildberries платформасында экономиканың әртүрлі салаларының 16 компаниясы тіркелген және 590 қазақстандық тауар ұсынылды.

Қазір Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында компаниялардың логистикалық орталықтарын салу мүмкіндігі туралы Wildberriesпен келіссөздер жүргізілуде. Олардың болуы көлік шығыстарын қысқартады және қазақстандық тауарды Ресейге, Белоруссияға, Қырғызстанға, Арменияға, Өзбекстанға, Еуразиялық Одаққа өткізу арналарын кеңейтеді. «Интернет-экспорттаушы мектебі» бағдарламасы іске қосылды және 2020 жылдың басына қарайц 50 кәсіпорын «Алтын өнім беруші» мәртебесімен «Alibaba» халықаралық платформасына шығарылады, ал 6 компания «Ebay» мен «Etsy»-де таныстырылды. Одан әрі «Alibaba» алаңында қазақстандық павильон құру жоспарланып отыр, бұл осы платформада біздің тауар өндірушілердің санын арттыруға мүмкіндік береді.

Халықаралық саудада тауардың техрегламенттерден бастап орамына дейін ауқымды талаптар қатарына сәйкес келуі тиіс. Осыған байланысты СИМ шетел нарықтарының техникалық реттеу жүйелері бойынша ақпарат жинақтауға жәрдемдесуде.

Министрлік экспорт үшін 5 басым елді анықтады: ҚХР, БАӘ, Түркия, Иран, Германия. Және те бұл өте маңызды – өнім тізбесі, ол тамақ өнімі бойынша 167 позицияны және өнеркәсіп өнімі бойынша 67 позицияны қамтиды. Ол бойынша мемлекеттердің техникалық реттеу, стандарттау және сәйкестікті бағалау жүйелеріне шолулар, сондай-ақ осы нарықтарға шығу үшін өнімнің барлық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету алгоритмдері дайындалған.
Отандық өндірушілер үшін оқыту семинарлар циклі іске қосылған, онда сауда амалдары мен экспорт алгоритмі түсіндіріледі. Мысалы, Қытай нарығына қалай шығуға болады?

GLP, органика, GLOBALG.A.P., халал сияқты бағыттарда Германия, Англия мен Түркия жетекші сарапшыларымен бірегей кездесулер ұйымдастырылды. Samsung Electronics, Samsung Engineering, Hyundai мен KIA Motors, LG Electronics үшін ұлттық сапа стратегиясын әзірлеген профессор Ван Сеон Шин шақырылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -