Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары

564



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А.Шпекбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметовтің қатысуымен халықпен жедел кері байланысты қамтамасыз ететін ерекше «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығын ашты.

Бұл жоба азаматтарға ашық және кедергісіз қызмет көрсету арқылы қажетті мәселелер бойынша құқықтық көмек пен кеңестер алуға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталық мемлекеттік органның азаматтар үшін ашықтығын, айқындығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, «оpen space» және фронт-кеңсе форматында жұмыс істейді.

Сервистік орталыққа келушілерді «Antikor ortalygy»-мен таныстыратын жаңа ұрпақ өнімі – сөйлейтін голограмма қарсы алады (үш өлшемді бейнені көрсететін лазердің көмегімен жасалатын көлемді бейне).

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Агенттік Төрағасы Мемлекет басшысының «Халық үнін еститін мемлекет» қағидаты бойынша міндеттерін іске асыру аясында ашықтық, есептілік және қоғамдық диалог құру алдыңғы орынға шығатынын атап өтті.

«Бүгін Сіздер Агенттіктің осы бағыттағы кезекті қадамының куәсі болдыңыздар. Өзімізді ашық құқық қорғау органы ретінде көрсете отырып, біздің органды репрессивті орган ретінде қабылдайтын қалыптасқан пікірді жоққа шығарудамыз. Агенттіктің жаңа ғимараты заманауи форматта жабдықталған», – деді А.Шпекбаев. 

 Осы күні Агенттік Төрағасының құқық қорғау, арнайы және басқа да мемлекеттік органдардың, облыстық қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің басшыларымен, жұртшылықпен, арнайы мониторинг топтарының мүшелері мен БАҚ-мен кездесті. 

Жұмыс кездесуі аяқталған соң А.Шпекбаев азаматтық қоғам және БАҚ өкілдеріне белсенді азаматтық ұстанымдары мен елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіргендері үшін алғыс хаттар табыстады.

Сонымен қоса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы балаларға түсіндіруге арналған «Сатылмайтын Алпамыс» атты компьютерлік ойындарды әзірлеген К.Елубаев пен оның ұлы А.Амангелдиев те марапатқа ие болды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -