Қарулы Күштерде деректер базасының цифровизациясы жалғасуда

610

«Цифрлік армия – 2020» бағдарламасын іске асыру және заманауи технологияларды қолдана отыра әскерді тиімді басқару щеңберінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде деректер базасын есепке алу бойынша бағдарламаларға оқыту жүргізілуде.

На изображении может находиться: 2 человека, люди сидят, телефон, экран, ноутбук и в помещении

 

Бес күндік курстардың барысында қызмет бастықтары, қойма бастықтары мен материалдық жауапты әскери қызметшілермен сабақтар ұйымдастырылды. Олар «Қазақстан ГИС Центр» акционерлік қоғамымен құрастырылған бағдарламалық жасақтамаларда қару-жарақтың, әскери техниканың деректерін, оқ-дәрілерді есепке алу бойынша оқытудан өтті.

На изображении может находиться: 9 человек, люди улыбаются, люди стоят и на улице


«Әскери техника мен ресурстар есебінің автоматизациялануы әскери бөлімдердің жұмысын анағұрлым оңтайландыратын болады. Сонымен қоса, ол бөлім командирлеріне қарамағындағы қызметтердің жағдайын нақты бағалап, қолындағы өзекті және дәл ақпараттардың арқасында дұрыс шешімдерді қабылдауға септігін тигізеді», - деп санайды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияров.

На изображении может находиться: 9 человек, люди сидят, стол и в помещении


Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлік технологиялардың енгізілуі Қазақстан Республикасының Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшының жалпымемлекеттік «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасына сәйкес жоспар бойынша енгізіліп келе жатқанын атап кеткен жөн.

На изображении может находиться: 2 человека, люди стоят

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -