Денсаулық айлығы аясында 8 мыңға жуық алматылық медициналық тексеруден өтті

630



Бүгін медиктер 8 мыңға жуық қалалық медициналық тексеруден өткен мегаполистің 30-дан астам шет аймағында болды.

Эндокринолог, кардиолог, жалпы практика дәрігері, офтальмолог, гинеколог және басқа кәсіби дәрігерлер қабылдаулар өткізді. Мұнда қандағы холестерин және қант деңгейін анықтау үшін қан тапсыру экспресс-әдсіпен атқарылды, қан қысымы тексерілді, ЭКГ диагностикасы жасалды, ВИЧ-инфекциясын және басқа да сырқаттарды анықтаудың экспресс-тестілері жүргізілді. Мұның барлығы қадамдық қолжетімділік барысында атқарылды, өйткені олардың кейбіреулерінің өз емханаларына баруына мүмкіндіктері бола бермейді.

«Мен мұндай акциялар өте қажет деп есептеймін. Қазір адамдардың барлығы жұмыс істейді, сондықтан емханаға барып қаралуларына мүмкіндіктері жоқ. Жұмыс орнымда қысымымды тексерттім, қанты анықтау үшін қан тапсырдым, оның мөлшері артып кетіпті. Емделу керек. Мынадай акцияларды ұйымдастырушыларға рахмет»,  - деп атап өтті ХҚКО қызметкері Марат Ғазизов. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері қала тұрғындары арасында ақпараттық-түсінік жұмыстарын да жүргізуде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері, скринингтік тексерулерден өту қажеттігі және басқада толғандыратын мәселелер жете түсіндірілуде.

Еске салсақ, Алматыда денсаулық айлығы 29 қазанда басталды және биылғы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады. Айлықтың мақсаты – халықты қадамдық жақындықта медициналық қызметпен қамту және мегаполис тұрғындарының өз денсаулығын сақтауға ықпал ету.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -