Сенат басшысы: «Кәсіби спортты дамытуды қолдай отырып, бұқаралық спорттың рөлін ұмытуға болмайды»

566



Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралды.

Заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Қосымша баяндама жасаған сенатор Сергей Ершов заң жобасының маңызды жаңалықтарын айтты:

- Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерінің тілегін ескере отырып, оларға төменгі қабаттарда немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден, ал тірек-қозғалыс аппаратында дерті бар Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне екінші қабаттан жоғары емес тұрғын үй алу құқығын беру;

- дене шынықтыру және спорт саласында демеушілік көмек көрсету жөніндегі саясатты іске асыратын Бірыңғай оператор құрылады. Бірыңғай оператор қызметінің негізгі мақсаты дене шынықтыру мен спортты тұрақты дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.

Заң жобасы сондай-ақ негізгі мақсаты сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша мүгедек спортшылар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу болып табылатын Ұлттық сурдлимпиадалық комитеттің мәртебесі мен өкілеттігін күшейтуді көздейтін жаңа «Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалыс» бабымен толықтырылды.

Бюджет кодексіне түзету Ұлттық паралимпиадалық комитетке дене шынықтыру және спорт саласы бойынша мемлекеттік тапсырма алу және оған қатысу құқығын беруді көздейді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін адамдардың жауапкершілігін күшейту бөлігіне толықтырулар енгізіледі. Осылайша, жаттықтырушының, жаттықтырушы-оқытушының, спорттық медицина жөніндегі маманның және (немесе) спортшыға қатысты спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдаланатын дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманның допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленеді.

Сенатор Владимир Волков кейбір статистикалық мәліметтерді келтіре отырып, 2014 жылдан бастап 29 спорт түрі бойынша 116 қазақстандық спортшы және 1 жаттықтырушы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін шеттетілгенін айтты. «Қазіргі және болашақ спортшы ұрпақтың үмітін ақтамағандар ол үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс. Әзірге тек әкімшілік жауапкершілік болғаны өкінішті», - деді сенатор. Депутат сондай-ақ қазақстандық спортшылардың 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін алған лицензиялары санына алаңдаушылық білдірді. Қазір спорттың 12 түрі бойынша барлығы 28 лицензия алған. Өткен Олимпиадаға дайындықтың осы кезеңінде олар 50 болған еді.

Сәуле Айтпаева мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаттықтырушылар мен спорт клубтарының жетіспеушілігіне назар аударды. Сенатор Серік Жақсыбеков олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту және дене шынықтыруды насихаттауға тиісті көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

Жоғарғы палата басшысы сенаторларға қолдау білдірді. Дариға Назарбаева әкімдіктерді бұқаралық спортпен айналысу үшін қажетті инфрақұрылым қалыптастыруға шақырды. «Мен кәсіби спортқа көңіл бөлу керектігін түсінемін, біздің еліміздің туы әлемдік көптеген ареналарға кеңінен таралғанын қалаймыз, дегенмен бұқара халықты және бұқаралық спорттың рөлін ұмытуға болмайды. Жергілікті жерлердегі өңірлік клубтарды қаржыландыру сияқты, оны да саралай отырып, түсініп алу керек. Оған мәслихаттарды іске қосу керек», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Жан-жақты талқылаудан кейін сенаторлар дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулерді қабылдады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -