Қант диабетін болдырмау үшін қажетті профилактикалық іс-шараларды орындаңыздар

3928



Қант диабеті – адамды мүгедіктік пен өлімге жиі душар ететін әлемдік медициналық-санитариялық жетекші мәселелердің бірі болып табылады.  Әртүрлі ақпарат көздерінен алынған деректер бойынша қазіргі таңда диабетке шалдыққан науқастардың жалпы саны барлық планета тұрғындарының 7% құрайды. Қант диабетінің алғашқы профилактикасы - бұл ұсыныс емес,  қатаң мұқтаждық екендігі сөзсіз.  

2-типтегі қант диабетінің қауіптілік факторлары:

  • Физикалық белсенділіктің бәсеңдеуі;
  • Жасының 45-тен жоғары болуы (2-типтегі қант диабетіне скрининг жүргізу осы жаста басталады, егер зерттеу қорытыныдлары қалыпты болса, онда зерттеу 3 жылда 1 рет аралығында қайталанады);  
  • Қант диабетіне ұшыраған бірінші дәрежелі туыстардың болуы;
  • Белгілі бір этникалық топтарға жатуы;
  • Әйелдер үшін: салмағы 4 кг-нан астам бала туу және гестациялық қант диабетінің болуы (әйелдердің жүктілік кезінде гормоналдық тепе-теңдіктің (дисбаланс) бұзылуына байланысты дамиды).  Гестациялық қант диабеті диагнозы қойылған әйелдер ең кемінде 3 жылда 1 рет дәрігерге қаралып отыруы тиіс;
  • Жүрек –қан тамыры ауруларының анамнезі; 
  • Қан қысымының көтерілуі (гипертония);
  • Инсулин тапшылығына төтеп беруге байланысты жай-күйі: семіздік,  қара акантоз (теріде көптеген қара дақтары бар (гиперпигментация) қалың учаскелердің болуы), жыныс бездері қызметінің бұзылуына әкелетін аналық бездердің поликистоздық синдромы. 

Қант диабетінің симптомдары: ауыздың құрғауы, шөлдеу,  жиі несеп шығару, терінің қышынуы, әлсіздік, тез шаршау. 

Профилактикалық іс-шаралар

Рационалды тамақтану, физикалық белсенділікті арттыру,  артық салмақты азайту, ішімдік ішу және темекі тартудан бас тарту қант диабетінің туындауын азайтады.  

2019 жылғы 14 қарашадағы Дүниежүзілік қант диабетімен күресу күні Кардиология және ішкі аурулар ғылыми –зерттеу институында «Ашық есік күні» өткізілетінін, осы күні барлық тілек білдірушілерге 2-типтегі қант диабеті бойынша скринингтен өте алу мүмкін екен. 

Лаура Даньярова, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Жоғары және қосымша білім беру департаментінің эндокринология курсының жетекшісі 


фото: be-healthy.ro

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -