2020 жылы жеке пайдалану үшін тауарларды тасымалдаудың қандай нормалары болады

1096



Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзіндік құн нормалары төмендетілетіндігін ескертеді, соның шегінде  жеке пайдалануға арналған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына халықаралық пошта жөнелтімдеріне жіберілетін және тасымалдаушы жеткізетін кедендік баждарды, салықтарды төлеместен ЕАЭО кедендік аумағына әкелінеді. Жеке пайдалануға арналған әкелінетін тауарлардың құны 200 евроға дейін төмендейді, сонымен бірге салмағы 31 кг өзгеріссіз қалдырылады.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта (2019 жылдың 31 желтоқсанға дейін) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың нормалары бір жеке тұлғаның атына күнтізбелік 1 ай ішінде 500 еуро және салмағы 31 кг құрайды. 

Белгіленген нормалар асқан жағдайда, құндық және/немесе салмақ нормаларынан асқан бөлігінде құнынан 15 пайыздық, салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 2 еуро ставкасы бойынша кедендік төлемдерді төлеу керек.

Анықтама ретінде: қазіргі уақытта (2019 жылдың 31 желтоқсанға дейін) кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелері құн және (немесе) салмақтық нормадан асып түсу бөлігінде құнының 30 пайызы, бірақ 1 кг салмақ үшін 4 еуродан кем еместі құрайды.

Мысалы, бағасы 300 еуро болатын интернет-дүкендерден тапсырыс берілген жіберілім, жолаушыларға арналған кедендік декларациясын тапсыру жолымен, сондай-ақ құндық нормасынан асатын бөлігінде кедендік төлемдер құнының 15%-дық мөлшері бойынша кедендік декларациялауға жатқызылады (яғни 100 еуродан 15%-дық) немесе жіберілімінің құны 200 еуродан аспаса, бірақ оның салмағы 35 кг болса (яғни салмақ нормасынан 4 кг асып тұрса), онда 4 кг кедендік баждармен салынады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -