Елордада жылдың ең үздік жобасы «One world - One life» халықаралық жастар балына кастинг жарияланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Балға Нұр-Сұлтан қаласы жастарымен бірге әлемнің түкпір-түкпірінен келген жастар қатысады.
Елордалық жастарды іріктеу 24 қарашада сағат 14.00-21.00 аралығында «Жастар» театрында (І.Есенберлин көшесі,10) өтеді.
Кастингке қатысу үшін төмендегі шарттарға сәйкес болу керек:
- Жас ерекшелігі: 18-29 жас аралығы;
- Бойы: 170см кіші емес (жігіттер), 160 см кіші емес (қыздар);
- Биге және жұппен жұмыс істеуге икемділігінің болуы (кәсіби биші болуы міндетті емес);
- Белсенді, жауапкершілігінің мол болуы.