ЕҚЫҰ Қазақстанның Экономика және қоршаған орта комитетіндегі жұмысының нәтижесін жоғары бағалады

1062



Словакияның төрағалығы шеңберінде ЕҚЫҰ-ның осы жылғы соңғы Тұрақты кеңес отырысында ұйымның Қауіпсіздік, Экономика және қоршаған орта және Гуманитарлық өлшем жөніндегі үш комитет Төрағаларының есептері тыңдалды.

ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта комитетінің (ЭҚОК) Төрағасы – Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Қ.Сарыбай 2019 жыл ішінде атқарылған жұмыстың нәтижелерін қорытындылады.

Атап айтқанда, өткен жыл ішінде комитет отырысының аясында апаттардың қаупін төмендету; тұрақты даму; цифрлік технологиялардың экономикаға және қоғамға әсері, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарына арналған төрт жиналыс өтті. Сондай-ақ, ұлттық тәжірибе және озық тәсілдермен пікір алмасу күн тәртібі аясында тиімді басқару мен өзара байланыстықты нығайту, қауіпті қалдықтарды басқару және энергетикаға қатысты экологиялық әсердің салдарын жақсарту салалары бойынша комитет отырыстары өткізілді.

Сонымен қатар, ЭҚОК Төрағасы Қ.Сарыбай 2019 жылғы 11-13 қыркүйекте Прага қаласында өткен «Энергетика саласындағы ынтымақтастық, жаңа технологияларды енгізу, цифрландыру дәуірінде тиімді басқару мен өзара байланыстылықты қамтамасыз ету арқылы ЕҚЫҰ өңірінде экономикалық прогресс пен  қауіпсіздікке ықпал ету» тақырыбына арналған ЕҚЫҰ-ның 27-ші Экономика және қоршаған орта форумының және ү.ж. қаңтар және мамыр айларында өткен форумға екі дайындық кездесулерінің нәтижелерін жоғары бағалады.

Қазақстанның ЕҚЫҰ ЭҚО комитетіндегі үш жылға созылған төрағалығының аяқталуына орай, баяндама соңында ЭҚОК Төрағасы Аустрия, Италия және Словакия төрағалықтарына еліміздің 2017, 2018 және 2019 жылдарында комитетте басшылық етуге Қазақстанға білдірілген сенім үшін, сондай-ақ осы кезеңде елімізге көрсетілген қолдау және тығыз ынтымақтастық үшін қатысушы елдердің делегацияларына, ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта қызметі жөніндегі үйлестірушісі әрі оның қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Өз кезегінде, қарымта сөз алған делегациялар Қазақстанның ЭҚО Комитетінің Төрағасы қызметінің рөлі мен ЕҚЫҰ екінші өлшемдегі сенім шараларын орнату, сындарлы диалогқа жәрдемдесу, шиеленістерді төмендету және қақтығыстарды болдырмаудағы елеулі үлесін жоғары бағалады.   

2019 жылы ЕҚЫҰ екінші өлшем шеңберіндегі іс-шараларға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жеке сектор, үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері белсенді қатысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -