Бас қалада «JANA BELES 2019» студенттер қатарына қабылдау жиыны өтеді

643



Жастар жылы аясында бас қалада 18 қараша күні «JANA BELES 2019» студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтеді. Іс-шараға екі мыңнан астам студент қатысады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жиын «Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен өтеді. Биылғы салтанатты шара ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңынды өткізіліп отыр.

Студенттер алдында «Шоу Ирины Кайратовны» YouTube жобасымен танымал «Ирина Кайратовна» музыкалық тобы, Мирас Жүгінісов, Ринат Малцагов және басқа да танымал қазақстандық әртістер өнер көрсетеді.

«JANA BELES 2019» шарасы аясында елорданың жоғары оқу орындарының қатысуымен арнайы көрме өтеді. Кештің салтанатты бөлімінде студенттік билеттер мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -