Қазақстандық дипломаттар белгілі Стокгольм қоршаған орта институтына

893



Қазақстандық дипломаттар белгілі Стокгольм қоршаған орта институтына (Stockholm Environment Institute, SEI) барды. Осы жылы 30 жылдығын атап өтетін Институт Швеция Парламенті мен Үкіметінің қолдауымен құрылып, тұрақты дамуды қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін шешімдер ұсынады. 

SEI-дің шетелдік кеңселері АҚШ-та, Ұлыбританияда, Эстонияда, Колумбия, Кения мен Таиландта орналасқан және олардың қызметтері жақын орналасқан аймақтарды да қамтиды. 2020-2024 жылдарға арналған SEI стратегиясына сәйкес, оның жұмысы климаттың өзгеру қаупін азайту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экожүйелерді сақтау және денсаулық пен әл-ауқатты жақсарту мәселелеріне шоғырланатын болады. Сонымен қатар, Институт сарапшыларының зерттеулері климаттың өзгеруіне, су ресурстарын трансшекаралық басқаруға, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігіне және осындай өзекті мәселелерге қатысты Орталық Азия проблематикасын қамтиды.  

Мүдделі әңгіме барысында Қазақстан Елшісі Қайрат Әбдірахманов пен Манс Нильсон Қазақстанның және Орталық Азия өңірінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, ауаның ластануы мәселелерін шешу, әсіресе өнеркәсіптік қалаларда, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалдықтарды өңдеу және өзара қызығушылық тудыратын басқа да салаларда ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын анықтады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -