Эквадор Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын

559



Эквадор астанасында Қазақстан Елшісі Қайрат Саржановтың Сыртқы істер министрінің орынбасары Густаво Анда, Энергетика министрінің орынбасары Хуан Бермео, Туризм министрінің орынбасары Мариано Проано, СІМ Еуропа департаментінің директоры Хуан Олгин және Өндіріс, сыртқы сауда, инвестиция және балық аулау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директорымен Андреа Переспен кездесулері өтті.

Кездесулер барысында тараптар саяси диалогты, өзара тиімді сауда-экономикалық қатынастарды және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға қызығушылық білдіріп, ЕАЭО-Эквадор бағытындағы әрекеттестікті қоса алғандағы көпжақты форматтағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Эквадор - Қазақстанның Оңтүстік Америкадағы негізгі сауда серіктесі. 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 26,3 млн. долларды құрады. 2020 жылдың бірінші тоқсанында 2017 жылдың қараша айында ЕЭК пен Эквадор арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы меморандум арқылы құрылған Бірлескен өзара іс-қимыл комитетінің екінші отырысын өткізу жоспарланып отыр.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -