Елордада 100 оқушы мен студент Нұр-Сұлтанның сакралды жерлері бойынша квестке қатысты

711



Елорда мектептерінің жоғары сынып оқушылары, колледж студенттері мен жоғары оқу орындарының студенттерінен тұратын 100 адам қаланың сакралды жерлерінің квестіне қатысты. Іс-шара Жастар жылын өткізу аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шара ұйымдастырушылары «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы болып табылады. Квестке 14-20 жас аралығындағы мектептердің жоғары сынып оқушыларынан, колледж және жоғары оқу орындарының студенттерінен тұратын 100 адам қатысты.

Квест тапсырмалары бар командалық ойын түрінде өтті. Екі сағат ішінде қатысушылар елорданың 9 нысандарында болып, берілген тапсырмаларды орындап, ойын басталған орын «Жастар» сарайына қайта келу керек болатын.

Әрбір командаға жеке-жеке карта түрінде жоспарланған бағыт берілді.

Квест қорытындысы бойынша үш жүлделі орын анықталды, олардың иегерлері 150, 100 және 75 мың теңге көлемінде сыйақыға ие болды. Сондай-ақ, қатысушыларға жұбаныш сыйлық түрінде атаулы футболкалар, бейсболкалар мен қоржындар табыс етілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -