Грэпплингтен Бакуде өткен әлем біріншілігіндегі Қазақстан құрамасының нәтижелері

412



ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында ҚР грэпплинг қауымдастығының президенті Қанат Алин грэпплингтен Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен әлем бірінішілігіндегі Қазақстан құрамасының нәтижелері туралы мәлімдеді.

Грэпплингтен Қазақстан құрамасы жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында өткен әлем біріншілігінде жалпыкомандалық есепте 2-ші орынға ие болды.

Әлемнің түкпір-түкпірінен 900-ге жуық балуан бақ сынаған бәсекеде жерлестеріміз грэпплингтің Ноу-Ги және Ги бөлімдерінде теңдессіз өнерімен көзге түсті.

Қазақстанның атынан 120-дан астам балуан бақ сынап жарыстың алғашқы күнінде отандастарымыз 11 - алтын, 15 - күміс және 26 – қола жүлдеге қол жеткізді. Және жалпыкомандалық есепте 2-ші орынға табан тіреді. Ал, біріншіліктің екінші күнінде 16 – алтын, 14 – күміс және 23 – қола жүлде нәтижесімен жалпыкомандалық есепте тағы да, екінші орыннан көрінді. Осылайша, еліміздің Ұлттық құрамасы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен біріншілікті 27-алтын, 29-күміс, 49-қола медаль нәтижесімен аяқтайды.

Қазақстан – грэпплинг күресінен әлемдегі ең мықты командалардың бірі екенін кезекті рет дәлелдеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -