Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева ТМД ПАА Ғылым және білім жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты

729



Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева Санкт-Петербургте ТМД ПАА Ғылым және білім жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты.

Отырыстың күн тәртібіне ұйымдастыру мәселелері (комиссия төрағасы мен төрағаның орынбасарларын сайлау), «Зерттеулер мен жаңалықтар саласындағы келісім-шарттық жүйе туралы» үлгі заң жобасы мен Білім беру саласындағы келісілген терминдер сөздігін қарау енген болатын. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты «Зерттеулер мен жаңалықтар саласындағы келісім-шарт жүйесі туралы» үлгі заң жобасы және білім беру саласындағы терминдердің келісілген сөздігі бойынша ескертулер мен ұсыныстарды жіберді. Барлық ескертулер мен ұсыныстар ескерілді.

Комиссия сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы 2016-2020 жылдарға арналған үлгі заң шығарудың келешектегі жоспарының орындалу қорытындыларын және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы 2020-2022 жылдарға арналған үлгі заң шығарудың келешектегі жоспарына ұсыныстарды қарады.

Одан басқа комиссияның бастамасы бойынша ТМД ПАА қабылдаған үлгі заңдарды ұлттық парламенттердің заң шығару қызметінде пайдалану туралы және Беларусь Республикасының ғылым мен білім саласындағы заңнамасының өзекті мәселелері жөніндегі ақпарат бойынша пікір алмасылды.

Шараға қатысушылар Ресей Білім академиясының Санкт-Петербургтегі Е.М.Ольденбург атындағы №157 гимназия базасында жүзеге асып жатқан «Біріккен Ұлттар Ұйымының үлгісі» атты жоғары сынып оқушыларына қосымша білім берудің халықаралық бағдарламасы туралы хабарламаны тыңдады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -