«NS Family WinterFest»: Қысқы демалысты ұнатушыларды Ботаникалық баққа шақырамыз

934



Елордада отбасылық демалыс үшін мұзды қалашық, ашық аспан астындағы ерекше галерея пайда болды. Нұр-Сұлтандағы Ботаникалық бақ қыста қалай өзгергені туралы креативті директор Кристина Бекмурзаева айтып берді.

«Ботаникалық бақ қаламыздың ерекше орындарының бірі. Біз бақты безендірген кезде бұл жерде адамдар отбасымен уақыт өткізгісі келетіндей етіп жасауға тырыстық. Ботаникалық бақты ерекше, қызықты безендіруге тырыстық.

Бірінші аймақта суретке түсу үшін көптеген жерлер бар. Сонымен қатар, ашық аспан астындағы галереямыз,  шағын сәулет нысандары да бар. Жаңа жылдық шыршаның артында суретшілеріміз салған суреттер бар. Мерекелік атмосфера сезіліп, мүлдем басқаша қабылданады.

Екінші аймақтың негізгі фишкасы - аққалалар орналасқан жер. Қазір аққала саны 300. Қала тұрғындары аққала санын арттыруға көмектессе нұр үстіне нұр болар еді. Біздің жұмысымыздың басты қағидаттарының бірі-бұл партисипативті тәсіл. Сондықтан қала тұрғындары атсалысып, ботаникалық бақты безендіруге өз үлестерін қосады деп үміттенеміз.

Үшінші аймақ ең басты аймақ. Бұл жерде жаңа жылдық шырша орналасқан. Егер сіз шыршаға назар аударсаңыз, шыршаның қарлығаштармен безендірілгенін байқайсыз. Бұл суретшілердің ұсыны, шешімі. Қарлығаш келер жылдың бақыт символы. Сондай-ақ, қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін біз жылы сфералар орнаттық. Аязды күндері далада демалу үшін жағдай жасауға тырыстық.

Сондай-ақ, біз балалар үшін арнайы кішкентай хоккей алаңын жасадық. Ата-аналарымен бірге келіп ойнай алады. Безендіру элементтері қала тұрғындарын отбасымен уақыт өткізуге ынталандыруы керек. Сондықтан біздің фестиваль «NS Family WinterFest деп аталады».

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -