Нұр-Сұлтан қ. әкімі А.Көлгінов ақылды қалаларды дамыту жөніндегі жыл сайынғы Халықаралық Smart City Expo World Congress жұмысына қатысты

720



2019 ж. 19 қарашада Нұр-Сұлтан қ. әкімі Алтай Көлгінов Барселонадағы әлемнің 120-дан астам елі ұсынылған ақылды қалаларды дамыту жөніндегі жыл сайынғы Халықаралық Smart City Expo World Congress -ке қатысты. 

Форумның ашылуының алдында А.Көлгіновты Fira de Barcelona Бас директоры Р.Сапатеро (Барселона Көрме орталығы, Конгрессті ұйымдастырушы) қарсы алып, келіссөздердің қорытындысы бойынша Азия аймағы елдері үшін 2020 ж. шілдесінде Нұр-Сұлтан қ. "Смарт сити конгресін" өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Әкімнің Барселона мэрі А.Колаумен кездесуі барысында смарт-сити және қала шаруашылығын басқару саласындағы ынтымақтастықтың келешегі белгіленді. Қазақстан астанасының әкімі Барселонаның шұғыл медициналық көмек қызметінің (SEM) жұмысымен танысып, сарқынды су желілері мен құрылыстарын басқару орталығына барды. Кездесу қорытындысы бойынша ірі испандық Aqualia FCC Су шаруашылығы компаниясының басшылығымен Нұр-Сұлтан қ. кәріз желілері мен нөсер ағындарын басқару мәселелерінде ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Сапар аясында А.Көлгінов Азия үйінің бас директоры Х.Паррондо, Испания бизнесінің 40-қа жуық өкілі, оның ішінде Indra, Aqualia FCC, CAF, Grupo TSK, IDOM және т.б. ірі компаниялар қатысқан "дөңгелек үстел" отырысында сөз сөйледі. "Дөңгелек үстел" қатысушыларының қызығушылығын тудырған Нұр-Сұлтан қ. инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесері өтті.

Барселона цифрландыру мен тиімді басқаруды енгізу саласындағы жетістіктерімен әлемде кеңінен танымал. Қалада жыл сайын әлемдік ауқымдағы кең танымал форумдар – Smart City Expo және Mobile World Congress өткізіледі. Көрме іс-шараларын жүргізуден қала экономикасына жыл сайынғы үлес 2,6 млрд.еуродан астам бағаланып отыр.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -