Әлеуметтік желілердегі қандай әрекеттер үшін айыппұл салынады?

1010


Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінде оқыту шеңберінде көкшетаулық студенттерге әлеуметтік желілердегі мәдениет туралы дәріс оқылды.

На изображении может находиться: 7 человек, люди стоят и в помещении

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілі Жазира Сейтмағанбетова тыңдаушыларға әлеуметтік желілерді қолдану тәртібін реттейтін заңнамалық нормалар туралы ақпарат беріп, интернетте таратуға тыйым салынған мәліметтер тізімімен таныстырды.

На изображении может находиться: 5 человек, люди улыбаются, люди сидят

Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзатын немесе азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіретін жалған ақпаратты БАҚ немесе телекоммуникация желілерін қолдана отырып таратқаны үшін азаматтарға қолданыстағы заңнама негізінде айыппұл көзделген.

На изображении может находиться: 1 человек, сидит и в помещении

Сонымен қатар студенттер таратуға тыйым салынған деректерден тұратын жарияланымдарды репост жасау арқылы таратқаны үшін орнатылған жауапкершілікпен танысты.

На изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят и в помещении

Спикер өз баяндамасында медиа-кеңістіктегі статистикалық деректерді ұсынды.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі а.ж. тамыз айында арнайы талдау жүргізіп, қазақстандықтардың тек 10,6% әлеуметтік желілерде тіркелмегені анықталды. Соның өзінде «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің Қазақстандағы белсенді қолданушылары ең жоғары, ал одан кейін екінші және үшінші орында Instagram мен Facebook. Twitter болса пайдаланушылар саны тарапынан ең төмен» - деп Жазира Сейтмағанбетова атап өтті.


Дәріс барысында студенттердің әлеуметтік желілердегі белсенділігі деңгейін анықтау мақсатында ауызша сауалнама өткізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша аудиторияда желілерде тіркелмеген студенттер жоқ болып шықты. Бірақ студенттердің тек 2%-ы өздерін әлеуметтік желілерге немесе жалпы интернетке тәуелді екенін атап өтті.
 

 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -