Қазақстан Президенті бірқатар кадрлық өзгерістер жасады

483



Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Оның орнына бұған дейін ҚР Президентінің көмекшісі лауазымын атқарған Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, бұған дейін ол ҚР энергетика министрі қызметін атқарды.

Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Мемлекет басшысының Өкімімен М. Әбілқасымова ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Дулат Темірғалиұлы Адырбеков «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

 

фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -