Қыздар педагогикалық университетіне 75 жыл: университет қызметкерлері алтын және күміс медальдармен марапатталды

770


Алматыда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 75 жылдығына арналған салтанатты шара басталды. Мерейтойлы жиынға университеттің танымал түлектері мен экс-ректорлары, еліміздегі және шетелдегі белді ЖОО-ның жетекшілері, қоғам қайраткерлері мен ұлт зиялылары қатысуда. Мерейтойлы жиынды Қыздар педагогикалық университетінің ректоры Г.Алдамбергенова ашып берді. 

Қыздар педагогикалық университетінің 75 жылдығына орай мерейтойға арналған салтанатты жиында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамына 1 млн 500 мың теңге көлемінде шипажайлық-сауықтыру жолдамаларын табыстады. Сондай-ақ, ЖОО-ның бір топ оқытушылары ұстаздар кәсіподағының құрмет грамоталарымен, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» алтын және күміс белгілерімен, «Еңбек ардагерлері» медальдарымен марапатталды. 
Айта кету керек, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Орта Азия аймағындағы бірден-бір тек қыздар оқитын жоғары оқу орны. 1944 жылдан бері университетті 60 мыңға жуық педаогог-маман бітіріп шыққан. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 25 желтоқсандағы Жарлығымен университетке «Ұлттық» мәртебесі берілді.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -