Қарағанды облысының тұрғыны «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясына қатысып, автокөлік ұтып алды

1044



Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде  2019 жылдың 25 желтоқсанында сағат 11.00-де республикалық деңгейде бас жүлдесі автокөлік болатын, «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы бойынша ұтыс ойыны өткізілді.

Бірінші акция фискалдық деректер операторының (Қазақтелеком АҚ) қолдауымен 2019 жылғы 1 мамыр мен 8 тамыз аралығында өткізілгенін еске саламыз. Оған шамамен 60 мың пайдаланушы қатысты, оларға шамамен 3,943 млрд.теңге сомаға онлайн БКМ 767,5 мың чегі жіберілді. Қатысушылар арасында 100 смартфондар ойнатылды. 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бейспеков Өмірзақ Көбегенұлы сөз сөйледі. Сондай - ақ Басқарма мүшесі - "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары - Евгений Андреевич Больгерт сөз сөйледі.

Ұялы қосымшаны әзірлеуші Мирғалы Арман «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы жеңімпаздарын анықтау процесін түсіндірді.

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен Мемлекеттік кірістер комитетімен ағымдағы жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін Wipon компаниясының мобильді қосымшасын пайдалану арқылы өткізілді.

Аталған кезеңде қатысушылармен 2, 739 млрд.теңге сомаға шамамен 500 мың онлайн БКМ чегі жіберілді.

Чектердің ең көп санын Қостанай, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы тұрғындарымен жіберілген.

Акцияға қатысушылар арасында жүлделер ұтыс ойыны күн сайын өткізіліп, 3 512 жеңімпаз анықталды, оларға 5 000 теңгеге дейін ұялы телефон теңгеріміне ақшалай қаражат жұмсалды.

Бұл ретте барлық жіберілген онлайн БКМ чектері акцияның басты жүлдесі – автокөлік ұтыс ойынына қатысатынын атап өтеміз.

Бұл акция азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру болып бағытталған. 

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының бас жүлдесінің жеңімпазы, автокөлік иегері – Қарағанды облысының тұрғыны Пономарёва Татьяна. Ол барлығы 8000-нан аса чек жіберген. Ал ұтыс чегінің сомасы бар жоғы 999 тг.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бейспеков Өмірзақ Көбегенұлы жеңімпазды құттықтады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -