Взвод командирлері білімдерін жетілдіруде

890

 

Қарулы Күштеріміздің Құрлық әскерлерінің взвод және топ командирлері өздерінің білімдері мен машықтылықтарын командирлік даярлық жиындары барысында жетілдіруде.

 

Жиындар әскери бөлімдердің аумақтарында он күн бойы өтті. Оған Құрлық әскерлерінің 1500-ға жуық офицерлері мен сержанттары қатысты.

На изображении может находиться: один или несколько человек

Командирлік даярлық жиындарының барысында олар күнделікті әскери өмірдегі іс-шараларды сапалы ұйымдастыру, әскери қызметтің қауіпсізділігін қамтамасыз ету, әдістемелік, атыс және тактикалық даярлықтарды жақсарту мәселелерін қарастырып шықты.

На изображении может находиться: 2 человека, в помещении

Іс-шараның басты мақстаттарының бірі – взвод командирлерінің орын алған жағдайды тез-арада өз бетімен сараптау, шешім қабылдау, бағынышты жеке құрамға жауынгерлік бұйрық беру, жауынгерлік және графикалық құжаттармен жұмыс жасау, шешім қабылдауға қажетті есептерді жүргізу, жауынгерлік қимылдарды жоспарлау қабілеттіктерін жетілдіру болды.

На изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят и в помещении
 

Жиындарды сапалы дәрежеде ұйымдастыру мақсатында әскери бөлім басқарамасы, батальон және дивизион командирлері санатынан тәжірибелі офицерлер жұмылдырылды.

На изображении может находиться: один или несколько человек и люди сидят
 

«Жиын барысында біздер оқу жылының барысында, күнделікті өмір мен жауынгерлік даярлық үрдісіндегі орын алған даулы мәселелерді, нақты шешімі жоқ сұрақтардың барлығын жан-жақты қарастырып, қажет жауаптардың барлығын ала алдық. Бұл жиынның жас командирлердің тәжірибе алмасып, ұжымның күш жұмылдырып қызмет жасауына мүмкіндік берген алаң ретінде көп септігі тиеді деген ойдамын», - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 41433 әскери бөлімінің взвод командирі лейтенант Азамат Нұрғазиев.

На изображении может находиться: 1 человек

Взвод командирлері тактикалық, дене, арнайы, тылдық және атыс дайындықтары, сонымен қоса жедел басқару сабақтарынан теорияларық, ал байланыс пен топография бойынша практикалық сынақтар тапсырды.

На изображении может находиться: небо, океан, пляж, снег, на улице, природа и вода

Бүгінгі таңда еліміздің Қарулы Күштерінде тәрбиешілермен қатар жеке құраммен жұмыс жасауда күрделі тапсырмалар жүктелген командирлердің рөлі нығайып келе жатқанын айта кеткен жөн. Әскерлерде взвод командирі өзінің шағын ғана әскери ұжымында оқу үдерісін ұйымдастырады. Бейбіт және соғыс уақытында ол взводтың жауынгерлік әзірлігіне және олардың жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындауына, жауынгерлік даярлыққа, тәрбиеге, жеке құрамның әскери тәртібі мен моральдық-психологиялық жағдайына, сондай-ақ қару-жарақтың, әскери техниканың сақталуы мен жай-күйіне жауап береді. Взвод командирі бағыныстыларды жеке оқытып-үйретеді және оларды тәрбиелейді, олардың тұрмыс-тіршілігін әрі қамын ойлайды.

Нет описания фото.

 


«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметі

 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -