Халықаралық жеке құқық – ынтымақтастықты кеңейту негізі

1054



Гаагада, ҚР Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі қолдауымен «М.С.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университеті» АҚ мен Халықаралық жеке құқық туралы Гаага конференциясы (ХЖҚГК) арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қол қою рәсіміне КазГЮУ Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев, ХЖҚГК Бас хатшысы Кристоф Бернаскони мен ҚР Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Мағжан Ілиясов қатысты.

Қазақстанның заң саласындағы алдыңғы қатарлы ЖОО мен Гаага конференциясы арасындағы құжаттың мақсаты - ҚР-да халықаралық жеке құқықтың дамуын қолдау, Конференция мен оның жұмысының нәтижесі туралы ақпарат тарату және өзара ғылыми, қолданбалы зерттеулер жүргізу. Сонымен қатар, Келісім аясында атқарылатын жұмыс «Астана» халықаралық қажы орталығының сот жүйесінің дамуына да үлесін қосады деп күтіледі. 

Екіжақты құжаттың мәтінінде бұған қоса, КазГУЮ профессорлары мен студенттерінің ғылыми-зерттеулік және кәсіби тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету, халықаралық жеке құқық тақырыбындағы өзара конференция мен семинарлар өткізу маңызды орын алады. 

Т.Нәрікбаев ҚР Гаага конференциясы жұмысына қатысуы елімізде заманауи құқық жүйелерін құруға және жеке құқық мәселелерін дамытуға маңызы зор деп атап өтіп: «аталған құжатты қабылдаумен қатар ұйымның ұстанымдарын мемлекеттің құқық жүйесіне енгізу сияқты Гаага конференциясына мүше болу міндеттемелерінің бірі де жүзеге асырылады»,   - деп түйіндеді. 

К.Бернаскони өз кезегіңде, Конференцияның КазГЮУ-мен ғылыми байланысының одан әрі дами түсетініне сенім білдіріп, Қазақстанның ұйымға мүшелігінің практикалық маңызын да атап өтті. Халықаралық сауда байланысы мәселелерінің ХЖҚГК-ның ережелеріне сай рәсімделуі еліміздің инвестициялық тартымдылығына оң әсер берері сөзсіз, -деп түйіндеді Бас хатшы.


Анықтама:Халықаралық жеке құқық туралы Гаага конференциясы жұмысын 1893 жылы бастаған, 82 мемлекет пен Еуропалық одақ кіретін жаһандық үкіметаралық ұйым. Халықаралық жеке құқық мәселелерімен, оның ішінде азаматтық құқықты қорғау, әділ сот қолжетімділігі мен құжаттарды заңдастыру мәселелерімен айналысады. Қазақстан республикасы  Конфренцияға 2017 жылы қосылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -