Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық жаңа серпін алуда

435



Қазақстанның басшылығы Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті. Бұл ынтымақтастық Еуропалық комиссияның жаңа құрамы өкілеттік алып, сондай-ақ ҚР мен ЕО арасындағы кең ауқымды келісімінің толық күшіне енуімен жаңа елеулі серпін алады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Брюссельдегі Euractiv медиа агенттігінің алаңында 13 қарашада өткен «Қазақстанның жаңа басшылығы: ҚР мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарға қандай әсер болады?» атты дөңгелек үстел барысында баяндады. 

Қазақстандық дипломатпен бірге іс-шара барысында спикерлер ретінде Еуропа Парламентінің депутаты Андрис Америкс, Орталық Азия елдерімен қатынастар бойынша Еуропарламент делегациясы басшысының орынбасары, «Еуропалық көршілік саясаты жөніндегі кеңесі» ғылыми-зерттеу орталығының басқарушы директоры Самуэль Вестербай, Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметінің Орталық Азия бойынша басқармасы басшысының орынбасары Филипп ван Амерсфорт, сондай-ақ Еуропалық сауда жөніндегі комиссияның бас директоратының Қазақстан бойынша үйлестірушісі Жоселин Гиттон сөз сойледі. «Дөңгелек үстелге» Еурокомиссия қызметкерлері, Брюссельдегі Еуроодаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, еуропалық сарапшылар қоғамдастығының және БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық жаңа серпін алуда

Р. Василенко аудиторияны Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымындағы қызметінің алғашқы қорытындыларымен, сондай-ақ оның Қазақстан халқына алғашқы Жолдауының негізгі ережелерімен және Президенттің ішкі және сыртқы саясатының басымдықтарымен таныстырды. Ол 2019 жыл Орталық Азия бойынша жаңа стратегияны қабылдау және 2015 жылғы 21 желтоқсанда қол қойылған ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімінің (КӘЫК) ратификациялау процедурасының аяқталуы аясында екіжақты қарым-қатынастар тарихында маңызды болғанын атап өтті. Қазақстан басшылығының Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген ұмтыласын растай отырып, қазақстандық дипломат Еуропалық Комиссияның жаңа құрамы қызметіне кірісуі мен КӘЫК-тің толық күшіне енуі ЕО-ның Қазақстанмен қарым-қатынастарына айтарлықтай жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

А. Америкс Қазақстан ЕО-ның саяси және экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік тұрғысындағы Орталық Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Өз кезегінде, Ф. ван Амерсфорт ҚР-дағы құқық үстемдігін нығайтуға бағытталған реформалары мен жақында құрылған сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға және әртараптандыруға бағытталған Қазақстанның Премьер-Министрі қатысатын Экономикалық және іскерлік мәселелер бойынша ҚР-ЕО диалогтық платформасының жұмысын қолдады.

Ж. Гуиттон Қазақстан ЕО-ның Орталық Азия елдері арасындағы ең ірі сауда серіктесі болып табылатынына назар аударды: ЕО мен аймақ арасындағы сауданың 86%-ы біздің елге тиесілі. Оның айтуынша, Азия мен Еуропа арасында орналасқанына байланысты, Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуеті  елдің экономикалық өсуінің қуатты драйвері болуы мүмкін.

2019 жылғы маусымда Қазақстандағы президенттік сайлау өткізілуінің байқауына қатысқан С. Вестербай азаматтық қоғамының елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғырту процессіне кеңінен қатысудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар КӘЫК-тің тиімді іске асырылуы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейтіп, сауда өсімінің, еуропалық технологиялар мен инвестицияларды тартудың және жаңа жұмыс орындарын құрудың кепілі болады деген бірыңғай пікір білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -