Қазақстанның Елшісі Әзербайжанның Милли Меджлисінің депутаттарымен кездесті

752



2019 жылы 12 қарашада Қазақстанның Елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжанның Милли Меджлис депутаты – "Әзербайжан – Қазақстан" достық тобының жетекшісі Адыл Әлиевпен және Милли Меджлис депутаты – достық тобының мүшесі Бахтияр Садыговпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі елдің заңнамалық органдары арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, парламентаралық достық топтарының қызметін одан әрі дамытуды талқылады, сондай-ақ алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.

Әңгіме барысында С. Әбдікәрімов А. Әлиевке 2019 жылы 27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтетін "Президенттіктің институты: қазақстандық үлгі" халықаралық конференциясына Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулиннің ӘР Милли Меджлис О. Асадовтың атына шақыру хатын табыс етті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -